Услуги
«заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғам кепілі
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында есірткі қылмыстарының, интернет-алаяқтықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге:
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы;
Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы қатысты.
Мамандар оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтіп, заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және әрбір әрекеттің салдарын бағалай білу қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды шарты екенін түсіндірді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарына ерекше назар аударылды. Оқушыларға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздер мен жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және «оңай ақша табу» туралы ұсыныстардан сақ болу қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз әрекеттерге тартылмау және оның құқықтық салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал заңды сақтау – қауіпсіз болашақтың негізі!
https://10mektep-kyzylorda.edu.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeId822b529a2a











