2026 жылғы түлектерімізге ақ жол!

Биыл мектебімізден 80 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Олардың ішінде білім мен еңбектің биік үлгісін көрсеткен 6 «Алтын белгі» иегері және 5 үздік аттестат иегері бар.

Бұл – шәкірттердің табандылығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің, ата-аналардың қолдауының жемісі. Барша түлектерімізге алдағы өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз баянды болғай!